72 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Жамиля Бакбергенова америкалық Амит Эйлормен кездесті.
ERNUR.KZ. Қазақстан әйелдер күресі бойынша Белградта (Сербия) өткен әлем чемпионатында Жамила Бакбергенова күміс жүлдегер атанды, деп жазады olympic.kz.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалда Жамиля Бакбергенова америкалық Амит Эйлормен кездесті. Жекпе-жек тез аяқталды. Қарсылас бірден артықшылыққа ие болды, тиімді қабылдау өткізді, содан кейін есепті еселеп көтерді.
Амит техникалық артықшылық есебінен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Айта кетейік, Бакбергенова екінші рет әлем чемпионатында күмісті олжалады. Өткен жылы да ол екінші орыннан көрінген болатын.