Жазда КҮНГЕ КҮЙГЕН бет терісін қияр мен ақжелкен АҒАРТАДЫ

0
8 954

Теріңізді күн сәулесінен қорғаудың оңай да жақсы нәтиже беретеін бірнеше тәсілдері бар.


Жазда КҮНГЕ КҮЙГЕН бет терісін қияр мен ақжелкен АҒАРТАДЫ

уреттер: ашық дереккөзден

Жаз келді дегенше, бет күтімін жасаудағы шаруалардың қатары артатыны рас. Әсіресе, әйелдер үшін күн астына шығудың өзі біраз мәселе туғызады. Күнге күю, қараю сияқты проблемалардың алдын алуды негізінен ерте көктемде бастау керектігін айтады мамандар. Сонымен қатар, күнге күйген теріге әжім де ерте түсетіні бар.

Ендеше, жаздың аптабында теріні қалай қорғау керек?


Бас киім мен көзілдірік

Ең бірінші ескеретін жайт күннің қызған кезінде яғни, күндізгі 12.00 мен 16.00 сағат аралығында бет терісі ашық күнге күймеуі керек.



Көзілдірік пен жаздық бас киімді киюді әдетке айналдырыңыз. Себебі, көз жанары күн сәулесімен тікелей жанасқанда, көздің кабықшасына қатты әсер етеді. Ал, бас киім сіздің бетіңізге тікелей сәуле түсуден қорғап тұрады.

Ескерте кетейік, бұл екі зат сіздің теріңіздің қарюдан сақтайды деген сөз емес. Тек, қосымша ғана деп түінсеңіз болады.


Күннен қорғайтын крем


Міне, сізде ыстық күнде қорғануда таптырмас құрал - SPF кремдері. Бетіңізді тазартып болғаннан кейін ғана жағыңыз. Ал, сіздің тері түсіңізге қандай кремді таңдаған дұрыс?

Егер сіздің теріңіз ақ құба болса онда SPF30 немесе одан жоғарысын таңдағаныңыз дұрыс. Мамандар мұның себебін, терісі ақшыл келген жандар қараюға тез бейімделгіш келеді деп түсіндіреді. Және де, терісіндегі бөртпе дақтардың 80 пайзы дәл осы типтегі терілерде кездеседі екен.

Тері түсіңіз қара торы болып келсе, SPF15 және одан төменін таңдасаңыз да болады.


Бұл кремді қолдануда есте ұстайтын ең маңызды мәселелер:

Көшеге шықпас бұрын ашақ тұрған терілеріңізге 20-30 минут алдын жағып, сіңуін күтіңіз. Жаға сала бірден шықсаңыз кремнің күннен қорғауға қауқары жетпей қалады.

Жәй күндерде күннің астында ұзаққа жүретін болсаңыз, әр 2 сағат сайын жағуды кеңес етеді мамандар. Суға түсу кезінде әр 90 минут сайын жағып тұрғаныңыз дұрыс.


Қолшатыр ұстаудың сөкеттігі жоқ




Қолшатыр - тек жауыннан қорғау үшін ғана емес. Күннен қорғануда да таптырмайды. Сондықтан жаздың ыстық күнінде жеңіл қолшатырды сенімді серігіңізге айналдырыңыз.

Ыстық күндері денеңізге жағымды мақта матадан жасалған киімдерді кигеніңіз абзал. Себебі, мақта мата күннің сәулесін өзіне тартпайды.


Қарайып кеттіңіз бе? Тез-ақ қалпына келтіруге болады

Қанша күннен қорғанғыңыз келсе де кей жағдайда асығыстық танытып, қажетті күтім жасап үлгермейтін кездер болады. Тері күнге күйіп, қарайтып-ақ жібереді. Сол кезде міндетті түрде мына кеңестерді жасап көріңіз.

Лимон шырыны




Бір стақан суға лимонның жарты бөлігін езіп, пайда болған қоспаны мақталы дөңгелекпен сүртіп шығыңыз. Жарты сағаттан соң жақсылап жуып тастаңыз. Бұл қоспаны 2 апта күнделікті жасап тұру қажет.


Күнге күйген теріні қияр қалпына келтіреді




Қиярды ұсақ үккіштен өткізіп, бетіңізге жағып жүрген кез-келген ылғалдандырғыш кремді араластырасыз да, таза бетке жағып қойыңыз. 20 минуттан кейін ағын сумен жуып тастаңыз. Бұл маскадан кейін крем жақпасаңыз да болады.


Ақжелкенмен (петрушка) ағаруға болады




Ақжелкен шөбін блендермен езіп, бетіңізге күнделікті жағып жүріңіз. 20-30 минут бетте ұстағаннан кейін таза сумен жуып тастау қажет.


Айран бетті ағартады




Бұл әдіс ең қарапайым әрі қолжетімді әдіс. Мұны ілгеріде апа-әжелеріміз қолданған және нәтижесі керемет. Қарапайым айранды күннен күйген жерге жағып 30-60 минут аралығында ұстап, кейін жуып тастайсыз. Бұл әдісті күнделікті, бетіңіз қалпына келгенге дейін жасай бересіз.

Дайындаған: Г.Әмірәлі

ERNUR.KZ

Тағы оқыіңыз:


Өзіңізге ЖАРАСАТЫН далап ТҮСІН таңдай алмай жүрсіз бе?


Бетіңіздегі ДАҚТЫ кетіруге КӨК ШАЙ көмектеседі