Ененің ТІЛІН ТАППАЙ жүрсіз бе? «МАУГЛИ» техникасын байқап көріңіз

0
1 118

Осы техникалар міндетті түрде көмектеседі.


Ененің ТІЛІН ТАППАЙ жүрсіз бе? «МАУГЛИ» техникасын байқап көріңіз

Ененің ғана емес...

Әрине, бәріне ұнау – мойныңыздағы міндет емес. Басқаларға жағуға тырысуға да тиіс емессіз. Алайда, кейде кейбір жандардың тілін табу, олармен жақсы қарым-қатынас орнату қажеттілігі туындап жатады. Туыстық қатынасты нығайту үшін, татулықты сақтау үшін, табысты жоба жасау үшін, жетістік, жақсы нәтиже үшін, тағысын тағы. Сондайда қолдануға болатын өте мықты техниканы меңгеріп алсаңыз, артықтық етпейді.

Сонымен, қалай тезірек түсінісіп, өзіңнің жақтасың етуге болады? Оның көңілінен шығып, жүрегі мен санасына ең қысқа жолды қалай таба аласыз?


«МАУГЛИ» техникасы

Әңгімелесу барысында ойларыңыз бір жерден шығатынына белсенді түрде назарын аударыңыз. Ол үшін түрлі сәттерде пікіріне қолдау білдіріп, өзіңіздің де тура солай ойлайтыныңызды айтып отырыңыз. Құндылықтарыңыз ортақ екенін білдіріңіз. Көзқарасыңыз басқаша болса да, осы сәтте аздап ойыңызды өзгерте тұруға тура келеді. Немесе көзқарастарыңыз әртүрлі болуы мүмкін барлық тақырыптардан аулақ болыңыз. Олар жайлы сөзді бастамаңыз, басталса, әңгіме ауанын ауыстырып жіберуге тырысыңыз.


«ИӘ» техникасы

Әңгіме барысында «Иә» деп көбірек айтқызуға тырысыңыз. Ол үшін мүмкіндігінше оң, «Иә» деп жауап беретіндей сұрақтар қою керек. Сауалдарыңызды ол адам «Иә» деп айтатындай формада құру соншалықты қиын емес. Тек, сөздердің тонын теріс айналдыра білсеңіз болғаны.


«СЕН – БІРІНШІ» техникасы

Кез келген тақырыпқа қатысты бірінші оның көзқарасын, пікірін біліңіз. Бірінші сөйлетіп, позициясын түсініп алғаннан кейін барып өз айтар сөзіңізді саптаңыз. Ойымен келіссеңіз, оны қолдап-қолпаштап, ойларыңыз үндес болғаны үшін қуанатыныңызды жеткізіңіз. Керісінше, пікірлеріңіз әртүрлі болса, мүлде қарама-қайшы, өткір етіп емес, жұмсағырақ жеткізудің жолын табыңыз.

«МІНСІЗ ЕМЕСПІН» техникасы

Адамдар мінсіз болмайды. Сондықтан өзін мінсіз етіп көрсетуге тырысатындарды көпшілік жақсы көрмейді. Әсіресе, өзінен жақсырақ, артығырақ екенін дәлелдеп бағып жатса. Ал бойындағы кемшілігін мойындай білетін, «Мен де сендер сияқты адаммын» дей алатындарды құшақ жая қарсы алады. Оларды жақсырақ қабылдайды, түсінуге тырысады. Біреудің жүрегінің есігін ашқыңыз келсе, осы әдісті қолданыңыз. Бойыңыздағы кемшілікпен бөлісіңіз. Өміріңіздегі қиындықты ашып көрсету арқылы эмпатия оятуға болады. Онымен күресу үшін не істеуге болатынын сұраңыз. Ақыл-кеңес міндетті түрде айтылады, мұқият тыңдаңыз. Берген ақылын бағалайтыныңызды, қолданып көретініңізді айтыңыз.


«БӨЛІС» техникасы

Әңгімелесу кезінде адам қай тақырыпта сөйлеп жатса да, мұқият тыңдаңыз. Әріптесіңіздің отбасы жайлы әңгімесін, Бизнес серіктесіңіздің қоғамдағы мәселелерді көтергенін, енеңіздің көршілер жайлы қозғағанын... Жай ғана тыңдап қоймай, эмпатияңызды көрсетіңіз. Қарапайым сөзбен айтқанда, оның сезімін бөлісіңіз. Егер адам ашулы болса, сіз де оның ашуын тудырған нәрсеге қатысты көңілтолмаушылығыңызды білдіріңіз. Оны қуантқан жағдайымен бөліссе, сол нәрсеге бір адамдай қуана біліңіз.


«БІРГЕ КҮРЕС» техникасы

Қандай да бір мәселеге қарсы күресте тізе қосып, бірге күрескіңіз келетінін білдіріңіз. Проблемалармен, келіспеушіліктермен, ұнамайтын адамдармен және т.б. Бірлескен наразылық пен «Біз бірге қарсымыз» деген көзқарас – адамдарды жақындастырудың тамаша тәсілі.

Қандай да бір пайдаңыз үшін бір адаммен жақын қарым-қатынас орнатуды мақсат етсеңіз, осы әдіс-тәсілдерді батыл түрде қолдана берсеңіз болады. Бұл техникалар, әсіресе, қайынжұрт, ата-ененің көңілін тапқысы келетін келіндерге, бизнес-келіссөздер жүргізіп жүрген кәсіпкерлерге, басшылықтың түсіністігі, жанашырлығына ие болғысы келетін қызметкерлерге көп пайдасын тигізеді.

Әрине, бас пайдаң үшін біреуді алдау, қалағаныңа арбаудың көмегімен жету дұрыс емес. Алайда, осындай техникаларды қолдану арқылы арақатынасты жақсарту ұрысып-жауласқаннан, түсінісе алмай, бір-бірін жаратпай жүргеннен әлдеқайда жақсы емес пе? Өйткені, олардың екі жаққа да зияны тимейді.

Аударған: А. Мейірханқызы,

ERNUR.KZ


ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ:

Бала сабақ ОҚЫҒЫСЫ КЕЛМЕСЕ, себебін МҰҒАЛІМНЕН сұраңыз