3 млн. теңгеге әжетхана салдырып, жұлдыз болған Жетісай қаласының бұрынғы әкіміне сот үкімі шықты

0
2 722

200 млн.теңге парамен ұсталған Жетісай қаласының бұрынғы әкімі Байдуалы Базарбаевқа Мақтарал аудандық соты үкім оқыды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz –ке сілтеме жасап.


3 млн. теңгеге әжетхана салдырып, жұлдыз болған Жетісай қаласының бұрынғы әкіміне сот үкімі шықты

фото: ашық дереккөзден

200 мың теңге парамен ұсталған Жетісай қаласының бұрынғы әкімі Байдуалы Базарбаевқа Мақтарал аудандық соты үкім оқыды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz –ке сілтеме жасап.

Экс-әкім 12 миллион теңге айыппұл төлейтін болды.

Байдуалы Базарбаевтың 200 000 теңге пара алу үстінде қолға түскенін хабарлаған болатынбыз.

Қолға түскен сәтте-ақ кінәсін мойындағаны ескеріліп құзырлы орган оның ісін қысқартқан.

Мақтарал аудандық соты оны ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі бойынша кінәлі деп тауып, пара ретінде алған сыйақының 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеуге үкім шығарды. Кей дерекке сүйенсек, ақ алтынды алқап орталығының бұрынғы басшысы белгіленген айыппұлдың 4 миллион теңгесін қазынаға құйып та үлгерген.