​Қуанышқа сойылған малдың ТӨРТ СИРАҒЫН бірге аспайды

0
1 453

Неліктен?


​Қуанышқа сойылған малдың ТӨРТ СИРАҒЫН бірге аспайды

фото: work.vk.com

Қазақ өзі ежелден ырымшыл халық. Ырымды жақсылыққа балайды, жамандықтың алдын алу мақсатында тыйым сөздерді де айтады. Қазақтың тыйым сөзі-ұлттық тәрбие көзі, яғни қазақ халқы кішкентай кезінен жақсылыққа үйір, жаман әдеттерден аулақ болсын деп тыйым арқылы өсіп өнген. Қазақ халқының қанына сіңген тектілігі, адамгершілігінің жоғары болуы, әр түрлі келеңсіз көріністерден, әбес қылықтардан аулақ болғаны осы қазақтың тыйымының арқасы, яғни өз ұрпағының бойына ертеден сіңірген. Біз сол ата-әжелеріміздің тыйымымен өсіп- өніп келеміз. Мұндай тыйым сөздер ел ішінде өте көп. Сөздер ғана емес, істер де бар. Яғни, «бұлай жасауға болмайды, жаман ырым» десе, демек, шынында да ол істі жасамау керек. Ал, осылай жасаса жақсы ырым десе, демек оны да жасау керек.

Қазақтың ұлттық тәрбиесінің алтын қазығы оның салт-дәстүрлері мен әдет ғұрыптарының қазақ халқының өмірінде алатын орны ерекше. Қой да баққан, ой да баққан халқымыздың ырымдары, наным-сенімдері жөнінде көпшілікке үлгі боларлық қағидалар өте көп.

Солардың көпшілігі негізінен халқымызға тән қағидалар.

фото: olx.kz

Қазақта қуанышқа, тойға сойылған малдың, әсіресе ұсақ малдың 4 сирағын бірден аспайды. Оның себебін біле бермейтіндер бар шығар. Мұндай ырымды ескермейтін адамдар жұмысты көбейтіп, әуреленіп жатпауы үшін кеде сойылған малдың төрт сирағын бірдей қазанға салып қайнатып жатады немесе қазір шыны керек, сирақты қайнатып жатқан адамды жиі көрмейміз, кейде қоқысқа тастай салады.

Алайда, обал-сауапты білетін адамдар сойылған малдың әрбір мүшесін кәдеге жаратуға тырысып, бас-сирақты қайнатып, асқа арқау етеді. Дегенмен, осыны есте ұсату керек, 4 сирақты бір қазанға салмай, біреуін алып қалу керек. Өйткені, «әлі де барар жерім, басар тауым бар» деген жақсы ниеттен туындаған.

Ал егер адамның мына өмірдегі дәм-тұзы таусылып, ақтық сапарға жөнелтілген кезде сойылған мал болса, онда 4 сирақты түгел асады.

Ер адамдар бұл жайлы біле бермеуі мүмкін, тіпті жас келіндердің де көпшілігі білмейді. Көненің көзі, ескілікті көрген, салт-дәстүрлерді берік ұстанатын апа-әжелеріміздің айтуларынан білеміз. Сондықтан, олардың айтқан ақылдарына құлақ асқанымыз абзал.

Дайындаған: Г.Жұмаділдаева,

ERNUR.KZ


Тағы да оқыңыз:


Екі баланы қатар сүндеттегенде жасалатын ЫРЫМ бар


АҒАЙЫНға НЕ беруге БОЛМАЙДЫ?