АҚШ инвесторлары елімізде теңдесі жоқ жобаны Түркістан облысында бастамақ

0
723

Америкалық инвесторлар аймақтың егін шаруашылығы үшін қолайлы климаты қызықтырып отыр.


АҚШ инвесторлары елімізде теңдесі жоқ жобаны Түркістан облысында бастамақ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев АҚШ-тың “Lindsay” компаниясының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Отырыста облыстың егін және мал шаруашылығы саласын дамыту мәселелері талқыланды. Әлемдік нарықта жоғары сапалы технологиясымен танымал болған әйгілі компания бұл орайда ұтымды жобаларын ұсынған болатын. Соның аясында «Turkestan agro.kz» компаниясымен бірлесе Арыс қаласында 4 мың гектар жерде жаңбырлатып суару әдісін енгізіп, мал азығын егуді қолға алады.

Америкалық инвесторлар аймақтың егін шаруашылығы үшін қолайлы климаты қызықтырып отыр. Шетелдік ірі компания иелері өніммен ішкі нарықты қамтамасыз етуді, экспортқа шығара отырып, аймақтың экономикалық даму қарқынын көтеруді көздейді. Арысқа назары ауған АҚШ инвесторларының технологиялары қашықтықтан басқарылып, су, электр жарығын тұтынуда да өте үнемді. Бірлескен жоба ең алдымен жаңбырлатып суару жүйелерін орнату және қолданыстағы инфрақұрылымды жетілдіру жұмыстарымен басталмақ. Шетелдік компания өкілдері сонымен қатар мал шаруашылы саласын дамытуға да өз үлестерін қоспақ. Арпа мен жүгері егіп, мал шаруашылығын дамытпақ. Дәлірек айтқанда, 20 000 ірі қара малды бордақылауға арналған ашық алаңын салуды жоспарлауда.

Өмірзақ Естайұлы екі тарапқа да тиімді әрі өңірдің экономикасына ұтымды жобаға әкімдік тарапынан қолдау көрсетілетіндігін атап өтті. Және елімізде теңдесі жоқ бірегей жоба басқа аумақтарда жалғасын табуы керек екенін ескерді.