Арыс қаласында Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

0
1 725

Салтанатты жиынның құрметті қонақтары, желтоқсан оқиғасына қатысқан мектеп мұғалімдер А.Асанова, Л.Илиясова, К.Шерниязовалар болды.


Арыс қаласында Тәуелсіздіктің 27 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

фото: facebook.com

Түркістан облысы, Арыс қаласының білім бөліміне қарасты Әліби Жангелдин атындағы №32 жалпы орта мектебінде 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына арналған салтанатты жиын ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Салтанатты жиынның құрметті қонақтары, желтоқсан оқиғасына қатысқан мектеп мұғалімдер А.Асанова, Л.Илиясова, К.Шерниязовалар болды.

Қонақтар 1986 жылғы жастар шеруінің негізгі мақсаты, оның қаһармандары туралы естеліктерімен бөлісті. Желтоқсан оқиғасына қатысқан мұғалімдерді ұйып тыңдаған оқушылар нәзікжанды ұстаздарының ерлігіне, адалдығына тәнті болды. Кеш соңында мектеп оқушыларының "Тәуелсіздік боздақтарына арналады" тақырыбында қойған әдеби сазды қойылымы көпшіліктің көңілінен шықты. Қойылымды жоғары бағалаған мұғалімдер өз алғыстарын білдіріп, барлық қатысушыларды мерекемен құттықтады.

Сонымен бірге, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында егеменді еліміздің игілігі жолында аянбай еңбек еткен мұғалімдер мен мектеп атын биікке көтере білген оқушылар марапатталды. Өз халқына, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыратын мұндай іс-шаралар оқушылардың патриоттық сезімін оята түсті.