Басты міндет – халыққа қызмет ететін сервистік аппарат қалыптасыру

0
273

Жоғарыда аталған мәселелер азаматтардың жеке жүгінулері нәтижелерінде уәкілетті органмен атқарылып жатқан жұмыстар.


Басты міндет – халыққа қызмет ететін сервистік аппарат қалыптасыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқаруды дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында тиімді, әділ, ашық, қоғамның сұраныстарына жедел ден қоятын, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидаты бойынша жұмыс істейтін мемлекеттік аппаратты қалыптастыру міндеті қойылған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысында сөйлеген сөзінде: «Шын мәнінде, біз айтып жүрген Әділетті Қазақстанды Адал азаматтар құрады... Ең бастысы, біз мемлекеттік аппарат өкілдерінің сана сезімін өзгертуге баса мән беруіміз қажет. Олар туған-туыстарының арасында не болмаса қоғамда абырой беделге ие болуды емес, ең алдымен, халыққа, елге адал қызмет етуді мақсат тұтуға тиіс «Адал азамат» дегеніміз-осы»-деп атап көрсетті.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің қоғам өмірінің барлық салаларын қамтитыны белгілі, соның ішінде азамат дүниеге келген кезден бастап барлық өмір сүру кезеңінде мемлекеттік қызметтерді алу барысында мемлекетпен тығыз байланыста болады.

Елімізде 1323 мемлекеттік көрсетілетін қызметтер болса, оның ішінде 400-ге жуығы облыстық деңгейде көрсетіліп отыр.

Осы ретте, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын қадағалау, қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі және оның аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады.

Өз кезегінде, Агенттіктің Түркістан облысы бойынша департаменті облыс көлемінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау, халыққа сапалы қызмет көрсету, оған қолайлы жағдайлар жасау және қызмет көрсету рәсімдерін жетілдіру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бағыттарында жүйелі жұмыстарды атқаруда.

2023 жылы Департаменттің қарауына мемлекеттік қызмет көрсету мәселері бойынша 157 арыз түссе, олардың ішіндегі басым бөлігі яғни, арыздардың 42% жер қатынастары, геодезия және картография салаларынатиесілі болып отыр.

Мәселен, Департамент жер учаскесін ақпараттық жүйеде келісуге қатысты 3 (үш) қызмет алушының шағымдарын жоспардан тыс тексеру арқылы қарады.

Нәтижесінде, қызмет беруші ұйым аталған азаматтардың біреуіне
2 айға жуық жауап бермегені, ал басқаларына қызмет көрсетудің мерзімдерін сақтамай жауап ұсынғаны анықталды.

Тексеру нәтижесімен, қызмет алушылардың жер учаскелері ақпараттық жүйеде келісіліп, құқықтары қалпына келтірілді.

Аталған келісім азаматтарға болашақта жер учаскесіне арналған актіні алуға мүмкіндік береді.

Лауазым иелерінің азаматтарға мемлекеттік қызметтерді сапасыз ұсынуы, негізсіз бас тартуы, әуре-сарсаңға салуы, олардың мемлекеттік ұйымдар мен қызмет көрсетуші мекемелерге деген сенімсіздігін тудыруы мүмкін екенін ескеру қажет.

Дегенмен, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу қағидаларын ұстанбау деректері кездеседі.

Ағымдағы жылдың өзінде-ақ, Департаментке мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша азаматтардың 30-дан аса арыз шағымдары келіп түсіп, олардың ішінде 6 азаматтың құқықтары қалпына келтірілді.

Мәселен, Департамент Түркістан қаласының тұрғынының арызы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізіп, нәтижесінде тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қоютуралы өтінішін тиісті бөлім өтінішті қарап, өтініш иесінің тұрғылықты мекенжайын нақтылап алмастан, негізсіз бас тартқаны анықталды.

Тексеру нәтижесімен Департаменттің нұсқамасына сәйкес арыз иесі тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде кезекке қойылды.

Жоғарыда аталған мәселелер азаматтардың жеке жүгінулері нәтижелерінде уәкілетті органмен атқарылып жатқан жұмыстар.

Бұдан бөлек, Департаментке мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне сыртқы мониторинг жүргізу арқылы да, азаматтар өтінішпен жүгінбесе де, бұзылған құқықтарын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстарды жүргізуде.

Ағымдағы жылы қашықтан жүргізілген мониторинг нәтижесінде мемлекеттік орган комиссия құрымының толық жиналмауын алға тартып, кәсіпкерлікпен айналысуға ниетті бірқатар қызмет алушылардың жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуден негізсіз бас тартқаны анықталды.

Анықталған бұзушылықтар бойынша аумақтық департамент тарапынан ден қою шаралары нәтижесімен кәсіпкерлердің өтініштеріне мемлекеттік органмен жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулылар беріліп, қызмет алушылардың құқықтары қалпына келтірілді.

Осы бағыттағы үздіксіз жұмыстардың нәтижесінде 700 ден аса бұзушылықтар анықталып, 34 қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылып отыр.

Жалпы азаматтар мемлекеттік қызмет алу барысында мемелекетітк органдар мен қызметшілер тарапынан негізсіз бас тарту, әуре-сарсаңға салу, артық құжаттар сұрату, өтініштерді қабылдау, заңнамалармен көзделмеген талаптар қою сияқты т.б. деректермен Департаментке өтінішпен жүгіне алады.

Осы тұста, шағымдану тетіктерін оңтайландыру және қызмет көрсету мәселелері бойынша кері байланысты жеделдету мақсатында «Департаменттің сенім телефоны» көрсетілген ақпараттық баннерлер облыстың барлық ХҚКБ, Мамандандырылған ХҚКБ, Жер кадастры және тіркеу, Әлеуметтік сектор бөлімдеріне, аудан, қала, ауыл округ әкімі аппарттарына, қызмет көрсетуші барлық ұйымдар ғимаратының көрнекі жерлеріне орналастырылды.

Орташа есеппен күнінен 5-10 азаматтар Департаменттің сенім телефонынан хабарласу арқылы өздерінің сұрақтарына жауаптар алуда.

Сол сияқты, қызмет көрсету мәселелері бойынша арнайы телеграм каналы іске қосылып, онда барлық қызмет көрсетуші мекемелердің қызметшілері мен ерік білдірген қызмет алушылар қосылған.

Аталған алаңда, қызмет алу кезіндегі кез-келген сұрақтар мен ұсыныстар айтылса, жауапты қызметшілер тарапынан тиісті консультациялар беріліп, қатысушылар тарапынан жағымды бағалар мен пікірлер берілуде.

Осы орайда, Мемлекет тарапынан азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің қорғалуы мен сеніміне ерекше басымдық берілгенін және сервисті және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппарат құру, мемлекеттік қызмет көрсету барысында бюрократия мен әуре сарсаңның көрінісіне жол бермеуге бағытталған шаралардың бірден бірі екендігін атап өткен жөн.

Жоғарыда аталғандарға сүйене отырып, Мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді сақтау жолында, өңір тұрғындарының сапалы мемлекеттік қызмет алуы Департамент қызметінің басымдықтарының бірі болып табылады.

ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ АГЕНТТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ ГҮЛНҰР ЕДІЛҚЫЗЫ

Бөлісу