Биыл Ордабасы ауданында 190 жаңа жұмыс орны ашылады

0
1 946

Ордабасы ауданының әкімі Рашид Қайыпжанов ағымдағы жылға белгіленген міндеттер жөнінде мәлімдеді. Аудан аумағындағы Қазақ-Түрік индустриялды аймақта 190 жаңа жұмыс орны іске қосылу көзделген. Арыстанды, Боралдай, Жусансай ауылдарының ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Ықыластемір және Теспе ауылдары табиғи газбен қамтылмақ. Ал аудан орталығы Темірлан ауылына табиғи газ құбыры тартылады.

Жалпы ауданның 2018 жылға арналған бюджет көлемі - 16 млрд. 004 млн. теңге. Ауылшаруашылық саласы бойынша жалпы өнімді 36 млрд. теңгеге жеткізбек. Ол үшін егістік жерлерді 1000 гектарға арттыру көзделіп отыр. Сондай-ақ, жылыжай көлемін қосымша 16 гектарға, қарқынды бау көлемін 187 гектарға ұлғайту жоспарланған. «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша асыл тұқымды 6583 мал басын алу межеленген. Сонымен қатар, жаңадан мал бордақылау орындары іске қосылмақ.

Құрылыс саласында Теспе, Береке ауылдарынан 200 орындық, Шұбарсу ауылынан 600 орындық «Достық» жалпы орта мектептерінің құрылысын аяқталмақ. Ал Арыстанды, Ордабасы ауылдарынан 200 орындық жаңа білім ошағы бой көтермек.

Өңірлерді дамыту бағдарламасымен аудандық бюджет есебінен жалпы 455 млн. 694 мың теңгеге аудан бойынша ішкі көшелерге күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарда бар.