​Депутаттар денсаулық сақтау нысандарын аралады

0
1 142

Бөлімдерді аралап көрген халық қалаулылары медициналық жабдықтардың қолжетімділігі мен жағдайына, түрлі ауруханалық қызметтердің жұмысын ұйымдастыруға, кадрлар құрамына, пациенттердің денсаулығына, оларды емдеу шарттары мен қажетті дәрі-дәрмектердің болуына назар аударды.


​Депутаттар денсаулық сақтау нысандарын аралады

Қалалық мәслихат депутаттары қалалық орталық ауруханада болды. Онда бас дәрігер Жолдыбай Құрманбековпен кездесіп, ауруханадағы мәлелелер талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қалалық аурухана - бұл қаланың жетекші медициналық мекемесі. Медициналық қызмет көрсету сапасы ауруханадағы жұмыстың қалай жүретіндігіне байланысты. Сондықтан депутаттар мекеменің қызметіне қатысты барлық мәселелерді мұқият қарады.
- Мен аурухананың жай-күйі туралы объективті ақпарат алғым келеді, сондықтан біз мекеме туралы кез келген сұрақтарды тыңдауға дайынбыз. Біздің міндетіміз - мұнда көрсетілген көмектің сапасын жақсарту, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларын жақсарту мәселелерін шешуге көмектесу, - деді қалалық мәслихаттың депутаты Мұқан Тұрысбеков.
Бөлімдерді аралап көрген халық қалаулылары медициналық жабдықтардың қолжетімділігі мен жағдайына, түрлі ауруханалық қызметтердің жұмысын ұйымдастыруға, кадрлар құрамына, пациенттердің денсаулығына, оларды емдеу шарттары мен қажетті дәрі-дәрмектердің болуына назар аударды.
Сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттары ертеңіне қалалық емханада болып, ондағы жұмыс барысымен танысты.