Бағдарлама Жоғары Мемлекеттік басқару және экономика мектебі мен Инженерия факультетінің 8 мамандығын қамтиды.
Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры Б.С.Абдрасилов және Кентау трансформатор зауытының Бас директоры С.И.Қожабаев Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталмыш құжат аясында білім, ғылым және технология саласында түрлі жобаларды бірлесе жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізіліп отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Кентау трансформатор зауыты негізінде университетімізде студенттерін дуалды оқыту бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру жедел жобалардың бірі болып табылады, ол білім беруді және экономиканың нақты секторын біріктіру туралы мемлекет басшысының идеясын іс жүзінде жүзеге асыруды көздейді. Бағдарлама Жоғары Мемлекеттік басқару және экономика мектебі мен Инженерия факультетінің 8 мамандығын қамтиды. Жоба аясында университет қабырғасында теориялық оқумен тікелей зауытта, зертханалар мен цехтарда практикалық дайындық үйлестірілетін болады.
Инновациялық оқу жоспарлары аясында университеттің екі факультетінің студенттері теория бойынша үш күн оқиды, университет оқытушылары, зауыт басшылары мен мамандары студенттер өз мамандықтары бойынша практикалық жұмыс дағдыларын иелену үшін екі күн сабақты зауытта өткізетін болады деп жоспарлануда.
Сондай-ақ Меморандум аясында ИТ және инженерлік мамандықтар, технопарк бойынша бірлескен оқу және ғылыми зертханалар құру, бірлескен ғылыми-практикалық семинарлар, конференциялар өткізу болжануда. ХҚТУ базасында республикамыздың инженерлік- техникалық жұмысшыларының біліктілігін арттыру бойынша Ғылыми- инженерлік орталық ұйымдастырылатын болады.
Кентау трансформатор зауытының басшылығы сондай-ақ университетке оқу-ғылыми әдебиетпен жабдықтауға, инженерия факультетінің аудиторлық қорының дизайнына және оларды заманауи оқу құралдарымен жабдықтауға қолдау көрсетеді.
Аталмыш жоба Қазақстанда дуалды білім концепциясын практикалық жүзеге асырудың алғашқы нақты мысалдарының біріне айналады.