​Кентауда мемлекеттік бағдарламамен 7 тұрғын үй салынуда

0
3 572

Көп ұзамай пәтер кезегінде тұрған 120 тұрғын баспаналы болады


​Кентауда мемлекеттік бағдарламамен 7 тұрғын үй салынуда

Кентау қаласында көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарқын алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жалпы Кентауда көпқабатты тұрғын үй құрылысы біразға дейін тоқтап қалған болатын. Тек 2015 жылы 60 пәтерлі бір көпқабатты үй салынып, тұрғындардың игілігіне берілді. Ал, биыл қалада жеті тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Барлығы да 60 пәтерлік, 5 қабатты үйлер. Оның екеуінің құрылыс жұмыстары бітті. Көп ұзамай пәтер кезегінде тұрған 120 тұрғын баспаналы болады.
- Бес тұрғын үйдің құрылысы келер жылға өтпелі. 2019 жылы 300 отбасына пәтер беріледі. Одан бөлек, 15 тұрғын үйдің жобалық- сметалық құжаттамаларын әзірледік. Бюджеттің қаржыландыруына байланысты, көпқабатты тұрғын үй салу жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыратын боламыз. 2021 жылдың соңына дейін 42 көпқабатты тұрғын үй саламыз деген жоспарымыз бар. Нәтижесінде пәтер кезегінде тұрған көптеген қала тұрғындарының баспана мәселесі шешіледі – дейді қала әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев.
Бұдан бөлек қалада облыс әкімі Ж.Түймебаевтың тапсырмасына сәйкес жас мамандарға арналған қызметтік үш үй салынуда. Оның біреуі қалада болса, қалған екеуі Байылдыр мен Хантағы ауылдарында бой көтеруде.