Ауданға қарасты барлық ауылдық мәдениет үйлерінде арнайы көрініс қойылды.
Түркістан облысы Сарыағаш ауданында "Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" күні аталып өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні 2004 жылдан бастап, жыл сайын 9 желтоқсанда атап өтіледі. 2003 жылғы 1 қарашада Мексиканың Мерида қаласында жоғары деңгейде өткен саяси конференцияда БҰҰ Бас Ассамблеясы Біріккен Ұлттар Ұйымының сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясы қабылдады.
Осыған орай Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде 9 желтоқсан "Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес" күніне орай іс-шара ұйымдастырылды. Сарыағаш ауданының ішкі саясат бөлімінің басшысы Қозыбаев Алдияр Хайбілдаұлы сөз сөйлеп, Жастар орталығы басшысының орынбасары аудандық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Отаров Нұрғали Жарқынбайұлы баяндама жасады.
Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне халықтық дарама ұжымы "Парасыз өмір" атты театрландырылған қойылымдарын халық назарына ұсынды.
Айта кетерлігі, бұл мерекелік күнді аудандағы барша мәдениет үйінде арнайы көріністер қойылды.