ҚХДР басшысы Оңтүстік Корея жеріне аяқ басты

0
1 114

Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен шекараны кесіп өтіп, 65 жылда мұндай қадамға барған ҚХДР-дің алғашқы басшысы болып отыр.


ҚХДР басшысы Оңтүстік Корея жеріне аяқ басты

фото: REUTERS ©


КХДР және Корея Республикасының басшылары Ким Чен Ын және Мун Чжэ Ин екі ел арасындағы демаркациялық аймақта орналасқан Пханмунджом келісім орнына келіп, қол алысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Нововстиге сілтеме жасап.

Осыдан кейін екі ел басшылары суретке түсті және корей елдері арасындағы саммит өтетін ғимаратқа беттеген.

Ким Чен Ын КХДР делегациясы "бейбітшілік пен гүлдену жолындағы жаңа тарихы басталғандай сезімде" келгенін айтты. Өз кезегінде Мун Чжэ Ин Солтүстік Корея басшысын келісімге келуге шақырды.

"Ашық диалог жүргізсек, ұлтымызға және бейбітшілікке ұмтылған бүкіл әлем халқына үлкен сый жасаймыз", - деді ол.

Ким Чен Ын Оңтүстік Кореямен шекараны кесіп өтіп, 65 жылда мұндай қадамға барған ҚХДР-дің алғашқы басшысы болып отыр.

Еске салайық, 21 сәуірде Солтүстік Корея ядролық қару мен баллситикалық зымырандардың сынағын тоқтатып, Пхунгери ядролық полигонын жабатынын мәлімдеді.