Клиенттің атынан 400 мың теңге рәсімдеп, 300 мыңын өзіне алып қалған шымкенттік банк қызметкері ұсталды

0
1 002

Тағы бір клиентке 669 мың теңге рәсімдеп, ол қаражаттың 500 мың теңгесін ғана берген.


Клиенттің атынан 400 мың теңге рәсімдеп, 300 мыңын өзіне алып қалған шымкенттік банк қызметкері ұсталды

иллюстрациялық фото

Түркістан облысының полицейлері ауыл тұрғындарынан несие алуға көмектесе отырып, ақша жымқырған күдіктіні құрықтады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түлкібас ауданының тұрғыны өткен жылы Шымкент қаласындағы банк қызметкерлерінің бірі несие алуға көмек көрсетіп, жәбірленушінің атына 669 мың теңге рәсімдегені және ол қаражаттың 500 мың теңгесін ғана беріп, ал қалған сомасын қызметкер өзіне қалдырғаны жайында арызданған.

Осы сияқты өтінішпен полиция бөліміне басқа да жәбірленуші арызданады. Яғни аталған банктің қызметкері келесі бір жәбірленушінің атына 400 мың теңге рәсімдеп, оның 300 мың теңгесін қызметкер өзінде алып қалғанын айтқан.

Түлкібас АПБ-нің қызметкерлері жедел іс-шараларды жүргізу барысында, күдікті ретінде Шымкент қаласы тұрғынының жеке басын анықтап, ұстады. Қазіргі уақытта күдікті қолхатта. Полиция қызметкерлері күдіктінің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтауда.

Бұл жайттарға байланысты ҚР ҚК-нің 188-бабы "Ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, жинақталған материалдар сотқа жіберілетінін хабарлады Түркістан облысы ПД-нің баспасөз қызметі.