Суыт хабарды жақындары жеткізді.
ERNUR.KZ. Медицина ғылымдарының докторы, профессор, Шымкент қаласының, Түркістан облысының медицина саласының дамуына өзіндік үлес қосқан ел ағасы Мұқан Кеңесбекұлы Егізбаев мезгілсіз дүниеден озды. Суыт хабарды жақындары жеткізді, деп жазады aigak.kz.
Талай жанның дертіне дауа іздеп, халықтың қорғанышы, һәм қолдаушысы бола білген ақ халатты абзал жанның жаны жәннатта болсын дейміз! Алла алдынан жарылқасын! Мұқан Кеңесбекұлының қайтыс болуына байланысты туған-туыстары мен бауырларына, әкесі Кеңесбек пен анасының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз.