Жиын барсында бірінші болып жарыс сөзге шыққан Қапланбек агро- техникалық колледжінің директоры Қанжігітов Еркінбек жастарға қолдау көп екенін, жастар үшін жасалып жатқан жағдайларды айтып, Елбасының 5 қазандағы жолдау жастар үшін дем берген жеткізді.
Түркістан облысында құрылған ақпараттық топ Сарыағаш ауданның тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Түркістан облысында құрылған ақпараттық топ Сарыағаш аудан әкімдігі, Құркелес ауылдық округі және Жемісті ауылдық округіндегі тұрғындарымен кездесті. 2018 жылғы 5 қазан күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты өзінің кезекті Жолдауын талқылады.
Топ басшысы, облыстық қаржы басқармасының басшысы Тасыбаев Абдрахман Батырбекұлы, облыстық сәулет-құрылыс басқармасының басшысының орынбасары Мерлан Керімжанов, облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысының орынбасары Нартбаев Ғазизбек Иманбекұлы, облыстық «Чернобыл Одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әшірбаев Бақытжан Шәкірұлы, ОҚМПИ ұстазы Мүслім Алдабергенов аудан тұрғындарына Елбасының жолдауын жан-жақты түсіндіріп сұрақтарына жауап берді.
Жиын барсында бірінші болып жарыс сөзге шыққан Қапланбек агро- техникалық колледжінің директоры Қанжігітов Еркінбек жастарға қолдау көп екенін, жастар үшін жасалып жатқан жағдайларды айтып, Елбасының 5 қазандағы жолдау жастар үшін дем берген жеткізді. Екінші болып жарыс сөзге ОҚМПИ ұстазы Мүслім Алдабергенов және соңғы жарыс сөзге шыққан Сарыағаш ауданы төбе биі Оспанов Рахманберді ағамыз өз сөзінде жолдаудың қазіргі таңдағы ең күрделі болып жүрген мәселелердің шешімін табарына сенімді екенін жеткізіп, өзінің толғандырып жүрген