ОҚО-да тексеру комиссиясының бұрынғы төрағасы Сырым Шалабай мен бас аудиторы сотталды

0
2 033

Аса ірі көлемде пара алған шенеуніктер өткен жылдың шілде айында ұсталған болатын. Облыстық ревизиялық комиссияның бұрынғы төрағасы Сырым Шалабай мен бас аудиторы Біржан Құдияров параны тексеру актісін жағымды етіп көрсету үшін сұраған еді.


ОҚО-да тексеру комиссиясының бұрынғы төрағасы Сырым Шалабай мен бас аудиторы сотталды

сурет: tengrinews.kz сайтынан


Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен өңірдің тексеру комиссиясының бұрынғы төрағасы Сырым Шалабай мен бас аудиторы Біржан Құдияров 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Екі шенеунік те жазаларын жалпы тәртіптегі түрмеде өтейтін болады. Сондай-ақ, өмір бойына мемлекеттік қызмет атқара алмайды.

Аса ірі көлемде пара алған шенеуніктер өткен жылдың шілде айында ұсталған. Облыстық ревизиялық комиссияның бұрынғы төрағасы Сырым Шалабай мен бас аудиторы Біржан Құдияров параны тексеру кезінде анықталған кемшіліктерді жасыру үшін сұраған еді. Екі шенеунік те қылмыс үстінде ұсталған. Бас аудитор айыбын мойындап, қылмысты ашуға көмектескені үшін қамауға алынбаған болатын.

Сырым Шалабай бұл қызметке 2016 жылдың қыркүйек айында тағайындалған болатын.