Өмірзақ Шөкеев: "Мақтааралға барлық көмек көрсетіледі"

0
941

Өңір басшысы су басқан Жаңатұрмыс пен Жеңіс елдімекеніне барып, аппаттан жапа шеккен үй іргелерін қарап шықты.


Өмірзақ Шөкеев:

Өмірзақ Шөкеев апаттан зардап шеккен аймаққа арнайы келіп, Арыстың тәжірибесіне сәйкес Мақтаарал ауданында да тиісті жұмыстар жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ол Мақтаарал ауданындағы су басқан Жаңатұрмыс пен Жеңіс елдімекеніне барып, аппаттан жапа шеккен үй іргелерін қарап шықты.
Ең алдымен облыс басшысы Еңбекші ауылдық округі Жаңа тұрмыс ауылында болды. Мұнда 47 тұрғын үйде 321 тұрғын тұрған.
2 мамыр күні түнгі сағат 01:50-де аталған елдімекенде эвакуациялау іс-шаралары басталды.
Жалпы елді мекенде 1 мектеп, 1 медпункт, 1 мешіт орналасқан. Жаңа тұрмыс ауылында ірі қара мал саны - 2700, қой саны - 3000, жылқы - 150, тауық 450 болатын. Облыс басшысы аудан әкімі Б.Асановқа төтенше жағдайдан зақым еелген әлеуметтік нысан мен жапа шеккен мал-мүлік санын анықтауды тапсырды.
Бұдан кейін өңір басшысы Жеңіс ауылына аялдап, ауылдың жағдайымен танысты. Бұл ауылда 280 тұрғын үйде 1922 тұрғын күн кешкен.
Елдімекенде 1 мектеп, 2 балабақша, 1 медпункт, 1 мешіт, 1 мәдениет үйі орналасқан. Қазіргі таңда аталған нысандардың ғимараттары зақымдалғаны анықталу үстінде. Бұл ауылда қазіргі таңда жайымдылық жердің 500 гектары, егістік алқаптың 50 гектары шамасында су басқан. Ауылда ірі қара мал саны - 350, қой саны - 270, түйе - 300, жылқы - 70, тауық -700 құрайтын еді.