​Өмірзақ Шөкеев: Жаңа құрылыстар жіті назарда болады

0
724

Барлық құрылыс басында коронавурис індетіне қарсы сақтық шаралары ұйымдастырылып, құрылыс жұмыстары тиісті деңгейде жүргізілуде.


​Өмірзақ Шөкеев: Жаңа құрылыстар жіті назарда болады

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы бірқатар әлеуметтік инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асу барысын бақылады. Құрылыс алаңдарындағы жұмысты көзбен көріп, әр нысанның сапалы, әрі тиісті архитектуралық талапқа сай салынуы қажеттігін қадап айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Барлық құрылыс алаңдарынан шығатын көліктердің таза болуы үшін көлік жуу орындары орнатылған.

Әкімшілік-іскерлік орталықта мемлекеттік бюджет есебінен кредиттік 5489 пәтерлі 88 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. 24 үйдің 1452 пәтер тұрғындары жақын уақытта қоныс тойын тойлайды. Бұдан бөлек, жеке салымшылар тарапынан салынып жатқан 37 тұрғын үй жыл соңына дейін 31 үйін пайдалануға тапсыру жоспарлануда. Өмірзақ Естайұлы тұрақты түрде құрылыс басына барып, жұмыс сапасын бақылауда.

«Түркістан қаласында жүріп жатқан жаңа құрылыстар – назарда. Көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысы да тоқтамайды. Барлық жұмыстар белгіленген кестеге сәйкес жүріп жатыр. Әрине, әлем жұртшылығын әбігерге салған коронавирус індетінің кедергі келтірген тұстары жоқ емес. Дегенмен, мәселе шешілуде. Құрылыс заттарымен қамтамасыз ету жағы да ретке келтірілді», - деді облыс басшысы Өмірзақ Шөкеев.

Аймақ басшысы қала орталығындағы айналаны абаттандыру жұмыстарын бақылап, көшет отырғызылған көшелерді жаяу аралап шықты. Жаңадан жүзеге асатын дендробақ аумағында болды. Бау-бақшаға бөленген ерекше саябақ Түркістан қаласының іргесінде орналасады. Гүлге оранған жасыл аумақта жеміс ағаштары мен жүздеген өсімдік түрлері өсіріледі. 28 гектар алқапты алып жатқан жаңа демалыс орнында ең алдымен суару жүйелері жүзеге асырылады. Дендробақ жасыл желекке оранып, жасанды көл пайда болады.