ОҚО-да 5 мыңнан астам адам шизофренияға шалдыққан.

0
1 136

ДДҰ мәліметтері бойынша шизофрения ауыр психикалық бұзылыс болып табылады. Бүкіл әлемде бұл дерттен 21 миллионнан астам адам зардап шегеді. Онымен 15 – 25 жастағы жастар, 40 – 60 жас аралығындағы адамдар жиі ауырады.

ОҚО-да 5 мыңнан астам адам шизофренияға шалдыққан.

Бұл туралы «Шизофренияның еміндегі дифференциалды диагностикасы және іріктемелі тәсілі» атты 2 - өңірлік ғылыми – практикалық семинар барысында белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінде ОҚО бойынша 5 мыңнан астам адам осы дертке шалдыққан. Олардың барлығы дәрігерлік есепте тұрып, өмір бақи ем қабылдауға мәжбүр.

Оңтүстік Қазақстан облысы облыстың 14 ауданының барлығында тұратын пациенттер үшін заманауи мерзімі ұзартылған антипсихотикалық препараттар қол желтімді Қазақстандағы бірден бір облыс болып табылады. Пациентке бағдарланған осындай оң тәжірибені үйреніп, семинарға қатысу үшін Қызылорда, Жамбыл, Ақмола облыстарынан психиатрлар келеді.

Республикалық психикалық саулық ғылыми-практикалық орталығы, ОҚО денсаулық сақтау басқармасы мен ОҚО психоневрологиялық диспансерімен бірлесі ұйымдастырған шарағаа «Психикалық бұзылыстары бар пациенттерге арналған терапияның жаңа мүмкіндіктері, мемлекеттің қолдауы» тақырыбында бастау алған жиынға Ресейдің атақты Н. И. Пирогов атындағы РҒЗМУ психиатрия және медициналық психология кафедрасының меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Андрей Шмилович арнайы келді.