ОҚО: Кентау қаласында бірнеше әлеуметтік нысан қолданысқа беріледі

0
2 688

Қазаргі кезде Кентау қаласында 2086 адам ​тұрғын үй кезегінде тұр. Жаңа салынып жатқан баспана соның ішіндегі тұрмысы төмен отбасыларға, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға, мүгедек, соғыс ардагерлеріне беріледі.


ОҚО: Кентау қаласында бірнеше әлеуметтік нысан қолданысқа беріледі

ERNUR.KZ. Кентау қаласында қөпқабатты тұрғын үй, емхана және студенттерге арналған жатахқана пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Кентау қаласындағы 5 қабатты 60 пәтерлік үйдің құрылысы 2017 жылы басталған. Құны 463 576,0 мың теңге болған тұрғынүйді 2018 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарланған.

Толығымен біткенде 1 бөлмелі 10, 2 бөлмелі 20, 3 бөлмелі 30 пәтер өз иелерін табатын болады. Қазаргі кезде Кентау қаласында 2086 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Жаңа салынып жатқан баспана соның ішіндегі тұрмысы төмен отбасыларға, әлеуметтік көмекке мұқтаж жандарға, мүгедек, соғыс ардагерлеріне беріледі.

"Тұрғын үй-2020 әлеуметтік бағдарламасы аясында қала ішінде 7 үй салынып жатыр, одан басқа 2020 жылға дейін біз тағы 35 үй саламыз, біз оны 75- мөлтек ауданына берейін деп жатырмыз. Сол жерде 35 үйдің 10-ының құрылысы бойынша келісім жүргізілуде. Алдағы уақытта 7 тұрғын үй құрылысы аяқталса 420 отбасы баспаналы болады, биыл 120 отбасы, келесі жылы 350 отбасы үйлі болады», - деді Кентау қаласы әкімінің орынбасы Әбдімәлік Алдамұратов.