ОҚО әкімі Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барды

0
2 356

ERNUR.KZ. ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.


ОҚО әкімі Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барды

ERNUR.KZ. ОҚО әкімі Жансейіт Түймебаев Ордабасы ауданына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Өңір басшысы алдымен «Байдәулет» шаруа қожалығының кешеніне барып, қожалықтың тыныс-тіршілігімен танысты.

Бұл кешен 2,5 гектар алапта орналасқан. 2014 жылы І-кезеңінде инвестициялық құны 15 млн. теңге, өндіріс қуаттылығы жылына 60 тонна қияр мен қызанақ өнімдерін алу жобасы 9 жаңа жұмыс орнымен бірге іске қосылған. Ал 2017 жылы ІІ-кезеңінде 2,0 гектар жерге жаңа технологиялық өндірістік жылыжай құрылысына «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы инвестициялық құны 451 млн. 406 мың теңге қаражат алынып, жылына 700 тонна көкөніс өнімін өндіретін жоба 35 жаңа жұмыс орнымен бірге іске қосылыпты. Жылыжай құрылысын салу үшін қондырғылар Түркия елінен әкелінген.

Мұнда жұмысшылардың орташа жалақысы айына – 65 мың теңге шамасында екендігі айтылды.

Қияр, қызанақ көкөністерінің 2016 жылы – 50 000 кг 2017 жылы – 60 000 кг алыныпты. 2018 жылдың қаңтар, ақпан айларында 2,0 гектар өндірістік жылыжайға 47 мың түп қияр көшеті отырғызылып, 300 тонна өнім алу, алынған өнімдерді еліміздің Шымкент, Қарағанды, Алматы қалаларының базарларына жөнелту жоспарланып жатыр. «Байдәулет» шаруа қожалығының иесі – Ордабасы аудандық мәслихатының депутаты Бағдәулет Жұмабеков.

Сондай-ақ, Жансейіт Түймебаев «Асыл тұқымды шаруашылық. Ордабасы ешкі сүт өнімдері» АӨК-нің атқарылған жұмыстарымен танысты.

Бұл кооперативтің негізі 2017 жылы қаланған. Қазіргі кезде Нидерланд мемлекетінен «Заанен» асыл тұқымды 500 бас ешкі сатып алыныпты. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы қаржыланған бұл кешеннің алғашқы кезеңі – 383 млн. 650 мың теңгені, ІІ кезеңінің құны – 562 млн. 875 мың теңгені, ІІІ кезеңі – 250 млн. теңгені құрайды деп жоспарланған. Кооператив төрағасы Жеңіс Тоғызақбаевтың айтуынша, болашақта 2-ші, 3-ші ферма ғимараттарын салу, сүт өңдеу мен ешкі саууға арналған жабдықтар сатып алу, сүт өңдеу зауытын іске қосу жөнінде жоспар бар. Сонымен қатар «Заанен» асыл тұқымды ешкілерін 6 мың басқа ұлғайту, тәулігіне 15 тонна сүт өңдеу жоспарлануда.