Шымкент әкімі жолдарды рұқсатсыз бұзған кәсіпкерлерге қатысты шараларды күшейтуді тапсырды

0
62


Шымкент әкімі жолдарды рұқсатсыз бұзған кәсіпкерлерге қатысты шараларды күшейтуді тапсырды

Бүгін Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау орталығының және кепілдік міндеттемелік мерзімі бар жолдарға қатысты жұмыстар, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын сақтау шаралары талқыланды.

Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы Т. Мекамбаев аталған орталықтың және қаңғыбас иттерді азайтуда атқарылған жұмыстарды баяндады. Қала әкімі сала басшысына орталық жұмысын жүйелеп, өзекті мәселені түбегейлі жоюда нақты тапсырмалар берді.

Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Р. Ибрагимов жолдарды қайта қалпына келтіру бағытында атқарылған жұмыстарды таныстырды. Қазіргі таңда жөндеу жұмыстары жүргізілген 543 нысан кепілдік мерзімінде тұр. Мониторинг жүргізу барысында 23 нысанда ақаулар пайда болғаны анықталды. Қала басшысы жауаптыларға жолдарды қайта қалпына келтіруде салғырттық танытқан мердігер компанияларға, жолдарды рұқсатсыз бұзған кәсіпкерлерге қатысты шараларды күшейтуді тапсырды. Бұл ретте әріптестеріне бюджет қаражатының бос шығындалмауын қадағалауды қатаң ескертті.
Бөлісу