Сауда қалашығына келіп тауар өткізетіндерді дара кәсіпкер ретінде тіркеліп отырады.
Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында «Алып» сауда қалашығы мен Сарыағаш ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өзара меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Аталған келіссөз Сарыағаш қаласының орталығында орналасқан «Алып» сауда қалашығының басшылығы, «Атамекен Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасының Сарыағаш аудандық филиалы және аудандық Мемлекеттік кірістер басқармасы арасында жүргізілді.
Ең басты мақсат мемлекеттік сапалы қызмет, салық міндеттемелерін тиісінше орындау, шеттен келетін заңсыз тауарлары жою болып табылады. Сауда қалшығының 4 қақпасына арнайы жүйе жасалып сырттан келген тауарларды тексеріп халыққа сапалы өнімдерді ұсыну. Заңсыз келген яғни салықтан жалтарып жүретін «Жабайы сауданы» жоюға бағытталған.
Меморандумның мәні бірінші және екінші жақтар өз құзыреттері шеңберінде төмендегідей жұмыс атқарады. Атап айтқанда:
- Мемлекеттік мүдделерін сақтай отырып салық төлеушілердің құқығын
қорғауын қамтамасыз ету;
- Кәсіпкерлік субъектілерінің салық мәдениетін көтеруге іс-шара жүргізу;
- Пилоттық жобаға енген «Алып сауда қалашығы аумағын керекті
телекомуникациялық байланыс құралдарымен жабдықтау;
- «Алып» сауда қалашығына келіп тауар өткізген салық төлеушілерді дара
кәсіпкер ретінде тіркеу және есептерін түзеу болып табылады.