Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

0
1 937

​Бүгін Шымкент қаласының әкімі Нұрлан Сауранбаевтың өкімімен Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады ERNUR.KZ –ке әкімдіктегі сенімді дерек көзі.


Шымкент қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды

Бүгін Шымкент қаласы әкімі Нұрлан Сауранбаевтың өкімімен Ғабит Патшаханұлы Мәуленқұлов қала әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлады ERNUR.KZ-ке әкімдіктегі сенімді дерек көзі.

Ғабит Патшаханұлы бұған дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданы әкімінің қызметін атқарып келді. Жаңа қызметте Мәуленқұлов құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары мәселелеріне жауапты.

Мәуленқұлов Ғабит Патшаханұлы 1977 жылдың 22 наурызында Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданының Шолаққорған ауылында дүниеге келген.

Еңбек жолын 2000-2001 жылдары Каспий экологиялық прокуратурасында прокурор көмекшісі болып бастаған (Атырау қаласы).

2002-2007 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппаратының кадрлық жұмыс басқармасының бас сарапшысы, бас консультанты болып қызмет атқарған (Астана қаласы). 2007-2016 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот аппаратының бірнеше бөлімдерінде басшылық қызметінде болды (Астана қаласы).

2016 жылдың тамыз айынан бастап бүгінге дейін Шымкент қаласы Қаратау ауданының әкімі лауазымын атқарды.

Ал, Қаратау ауданы әкімінің міндетін уақытша атқару Қантөреев Исамидин Мұхитдинұлына тапсырылды.