Арыстан баб кесенесі мен Отырар қалашығының аумағында тазалау жұмыстарын жүргізді.
Отырар ауданындағы туристік орындар күл-қоқыстардан тазартылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Отырар ауданындағы туристік орындар күл-қоқыстардан тазартылды. Сенбілікке Түркістан облыстық мәдениет және туризм басқармасы мен «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығының қызметкерлері, Халықаралық туризм және меймандостық университетінің студенттері қатысып, Арыстан баб кесенесі мен Отырар қалашығының аумағында тазалау жұмыстарын жүргізді.
Басқарма басшысының орынбасары Нұрдәулет Медеуов Түркістан өңіріндегі туристік нысандарды көгалдандыру шаралары тек науқан барысында емес, ұдайы атқарылатынын айтты. «Киелі мекен» апталығында абаттандыру жұмыстары Ақмешіт үңгірі, Үкаш-Ата кесенесі, Домалақ ана кесенесі мен бұлағы, Шаға туристік-рекрациялық орталығы, сондай-ақ табиғи аумақтарда өткізілетінін атап өтті.