ТҮРКІСТАН: 1-5 сынып оқушыларына мектепте оқуға рұқсат берілді

0
920

Бетперделер әр 2 сағат сайын ауыстырып, қолданылған лас маскаларды арнайы белгі қойылған қораптарға тастау талап етіледі.


ТҮРКІСТАН: 1-5 сынып оқушыларына мектепте оқуға рұқсат берілді

Түркістан облысында бастауыш сынып оқушыларына мектепте оқуға рұқсат етілді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында жалпы білім беретін мектептердің 1-5 сынып оқушыларына кезекші сыныптарда оқуға рұқсат етілді. Тиісті қаулыға өңірдің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Нұрбек Нышанов қол қойды. Ата-аналардың өтінішімен дәстүрлі форматта оқитын сыныптағы оқушылар саны 15-тен аспауы шарт. Әр партаға бір баладан шахматты режимде отырғызылады. Сабақ уақыты 40 минуттан аспайды.

Түркістан облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің талабына сәйкес, мектеп қабырғасында білім алушылар арасында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында дәстүрлі форматта сабақ оқытылатын кезекші сыныптарда және шағын жинақталған мектептерде санитариялық-гигиеналық талаптары қатаң сақталуы қажет. Оқу кабинеттерінде антисептігімен санитайзерлер орнатылуы қатаң қадағаланған.

Оқушылар мен мұғалімдердің дене температурасы күн сайын өлшеніп, арнайы журналға тіркеледі. Бетперделер әр 2 сағат сайын ауыстырып, қолданылған лас маскаларды арнайы белгі қойылған қораптарға тастау талап етіледі. Адамдар арасында 1,5 метрден аса қашықтықты сақтау маңызды. Сол себепті мектепте арақашықтықты сақтауға арналған белгілер сызылып, бір бағытты қозғалыс ұйымдастырылған.