ТҮРКІСТАН: 400 балаға стоматологиялық қызмет көрсетілді

0
853

Стоматологиялық аурулардың профилактикасы да ұйымдастырылды.


ТҮРКІСТАН: 400 балаға стоматологиялық қызмет көрсетілді

Түркістан облысында 400 балаға стоматологиялық қызмет көрсетілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Балаларға күлкі сыйла!» акциясы аясында Түркістан қалалық емханасыбалаларға ақысыз стоматологиялық қызмет көрсетті. Жалпы, емхана стоматологтары акция барысында Түркістан көмекші мектеп интернаты және облыстық тілінде ауыр кемістігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттағы 400 балаға стоматологиялық қызмет көрсетіледі. Оның ішінде,тісін қарап, кеңес беріп, емдеп, жұлып, физотерапиялық шаралар жүргізілетін болады.


Сонымен қатар, стоматологиялық аурулардың профилактикасы да ұйымдастырылды. Яғни, балаларға ауыз қуысы гигиенасын үйрету, профилактикалықжеке құралдарды таңдауға бағыттау, ауыз қуысы және тіс жақ жүйесінің патологиясы бар балаларды стоматолог дәрігерге жолдау, дәрігерге дейінгі стоматологиялық көмек көрсету шарларда өткізіледі.


«Қор филиалымен келісімшартқа тұрған медициналық ұйымның 73-інде стоматологиялық қызмет көрсетеді. Мәселен, "Билисбаев Б.Б." ЖК, "Стоматологическая поликлиника" НГУ, "Айжан" ӨК, "НУРБОЛАТ" ӨК, "Торабтык аурухана" ӨК, "Бекен" ЖШС, "ГАПЛ" ЖШС, "Мед Алатау" ЖШС, "Медцентр-Кентау" ЖШС, Қ.А.Иассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті консультативті–дигностикалық клиникасы жеке меншік ұйымдары балалардың тісіңМӘМС шеңберінде ақысыз емдейтін болады – деді», - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Асхат Бейсенбаев.


Қор филиалы тіс дәрігеріне жүрексінбей келіп, берілген кеңесті мұқият орындап жүрген балғындар дипломдармен марапаттады. Жалпы, аталмыш іс-шаралар облысқа қарасты медициналық ұйымдарда жаппай өткізіліп жатыр. Дәрігердің жолдамасынсыз ата-аналар балалардың тісің ақысыз емдетуге болады.