ТҮРКІСТАН: 90 пайыздан астам жер марокко шегірткесіне қарсы өңделді

0
687

Қалған 20 мың гектарда таяу күндері өңдеу жұмыстары аяқталады.


ТҮРКІСТАН: 90 пайыздан астам жер марокко шегірткесіне қарсы өңделді

Түркістан облысында 90%-дан астам жер марокко шегірткесіне қарсы өңделді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан өңіңріндегі шаруалардың өзекті бір проблемасы – егістік пен жайылымды жайпап өтетін шегіртке болатын. Тиісінше, «халық үніне құлақ асатын мемлекет» билігі бұл жағдайға айрықша мән беріп, бірнеше жылдан бері шегірткеге қарсы күрес жұмыстары жүргізіліп келе жатыр. Осы орайда Түркістан облысына жұмыс сапары барысында вице-премьер Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы жаппай өңдеу жұмыстары жүргізіліп жатқан аудандардың егіс алқаптарын аралап көрді.


Түркістан облысы егістік алқаптар көлемі бойынша еліміздегі топ-3 аймақ қатарына кіреді. Өңір бірінші болып шегірткенің ең қауіпті түрі – марокко шегірткесіне қарсы белсенді күрес кезеңін бастады.


Барлығы 272 мың гектар жер өңделеді. Оның 252 мың гектары 19 мамырға дейін өңделді, бұл өңдеу жұмыстары жоспарланған жердің 93%-ы. Қалған 20 мың гектарда таяу күндері өңдеу жұмыстары аяқталады.


Өңірдегі үлкен алқаптарды өңдеу жұмыстарына 360-тан астам адам тартылған. Жұмыстар жаяу, көлікте, ұшақтар мен дрондар арқылы жүргізіліп жатыр. Барлығы 162 мың га жерден, 107 мың га ауадан, 1 мың га рюкзак түріндегі бүріккішпен, 1,4 мың га дрондар арқылы өңделуде. Серік Жұманғарин шегірткеге қарсы өңдеу механизмдері мен әдістерін зерттеп, зиянкестерге қарсы жұмыстардың барлық циклін жүргізетін мердігерлермен препараттарды жеткізу, сақтау және өңдеу жұмыстары жөнінде пікір алмасты.