ТҮРКІСТАН: Әбдіхалықова аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамтуды тапсырды

0
1 222

Сондай-ақ оларды кәсіпке баулу қажеттігін де атап өтті.


ТҮРКІСТАН: Әбдіхалықова аз қамтылған отбасыларды жұмыспен қамтуды тапсырды

Түркістан қаласында өткен жиында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың мәселесін шешуде оларды жұмыспен қамтып, кәсіпке баулу қажеттігін айтты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

- «Нұр Отан» партиясының ХҮІІІ съезінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев жаңа әлеуметтік шараларға басымдық берді. Осы шараларды жүзеге асыруға алдағы үш жыл ішінде ауқымды қаржы бөлінген. Бұл бағдарламаның маңызы зор. Бірінші ең аз қамтылған, ең көмекті қажет ететін отбасыларға көмек беру мәселесін, екінші ең төменгі айлық алатын қызметкерлердің табысын көтеру, үшінші, өңірлерді дамыту жайына басымдық береді, – деді Гүлшара Әбдіхалықова.

ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова бастаған делегация жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, халықпен кездесулер өткізді.