ТҮРКІСТАН: "AdalStopCovid" жобасы Кентауда жалғасын тапты

0
2 506

"Internews" суб-гранты арқылы Еуропа одағының қаржылай қолдауымен жүзеге асып жатыр.


ТҮРКІСТАН:

Түркістан облысында "AdalStopCovid" жобасы қолға алынды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазақстандағы ислам дінін ұстанатын этникалық топтар арасында "Covid-19" инфекциясының алдын-алуға бағытталған шараларды түсіндіру мақсатында "AdalStopCovid" жобасы қолға алынған болатын. "Internews" суб-гранты арқылы Еуропа одағының қаржылай қолдауымен жүзеге асып жатқан жоба Түркістан облысында жалғасын тапты.

Кентау қаласына қарасты Шаға, Шорнақ, Жүйнек ауылдарына арнайы барған сарапшы, психолог-реабилитолог Раздыкова Гүлназ, эксперт – дінтанушы Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қажы Қоспақ және «Adal_StopCovid» жобасының жетекшісі Айнұр Коскина жергілікті тұрғындарға инфекцияның кең таралуына тосқауыл болу үшін жасалатын амал-шаралар, вакцина салдырудың тиіміділігі жөнінде кеңінен ақпарат берді. Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасының өкілі, теолог Жолдас қажы Қоспақ халықа арасында коронавирус індетіне қарсы салынатын алып-қашпа сөзге сенбей, дәрігерлердің ақыл-кеңесіне жүгінуге шақырды.

Жоба жетекшісі, журналист Айнұр Коскина: "Пандемия өршіп тұрған уақытта адамдардың көп шоғырлануымен жүзеге асатын діни жоралғылардан бас тарта тұру-қалыпты өмірге ертерек оралуымызға мүмкіндік туғызады. Қазіргі таңда пандемияның таралуы бойынша Түркістан облысы Жасыл аймақта болғанымен, еліміз бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақты болмай тұр. Сондықтан, сақтық шараларына аса мән беріп, шыдамдылық танытқан жөн. Әлеуметтік желілерде түрлі ақпараттар тарауда. Олар аурудан да қауіпті. Сондықтан, сақтық шаралары жайлы шынайы әрі анық ақпараттар беретін арнайы буклеттер әзірлеп шығардық", - деп, арнайы негіздерге сүйене отырып дайындалған ақпараттық буклеттер мен парақшаларды үлестірді.

Қоғамдық орындарда санитарлық талаптардың сақталуы жайлы толық мәлімет берілген ақпараттық парақшалар еліміздің танымал теологтары, сарапшылар мен дінтанушылардың қатысуымен дайындалған.