ТҮРКІСТАН: ӘРПК бойынша 200-ден астам әкімшілік талап-арыз түскен

0
776

31 шешім қабылданып, 9 талап қою қанағаттандырылған.


ТҮРКІСТАН: ӘРПК бойынша 200-ден астам әкімшілік талап-арыз түскен

Түркістан облысында ӘРПК бойынша барлығы 213 әкімшілік талап-арыз түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында 2021 жылдың 3 айында ӘРПК бойынша барлығы 213 әкімшілік талап-арыз түскен. Нәтижесінде 31 шешім қабылданып, оның ішінде 9 талап қою қанағаттандырылған. Ал 22 талап қою бойынша талапты қанағаттандырудан бас тартылды. Бұл туралы Түркістан облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының төрағасы Марат Шарипов мәлімдеді.


«Әкімшілік талап қоюдың санаттарына тоқталсақ, сот орындаушыларының әрекеттеріне қатысты талаптар – 37, жер даулары – 69, салық даулары – 37, еңбек даулары – 28, тұрғын үй даулары – 9, мемлекеттік сатып алу саласындағы даулар – 32, кеден даулары – 1. Тараптардың бітімге келуімен 6 талап қою аяқталып, медиативтік келісім бекітілді. Бұл бітімгершілік келісімдер жеке сот орындаушыларының әрекеттеріне дау айту туралы талап қоюлар бойынша орын алған», - деді Марат Ырсынбетұлы.


Сондай-ақ, брифингке қатысқан Түркістан облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының судьясы Аида Байтурова 103 талап қою қайтарылғаннын айтты.


«Қайтару негіздері: дауды сотқа дейінгі реттеу тәртібінің сақтамалмауы – 23, талапты кері қайтарып алу – 38, іс әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпауы – 31, тараптар татуласуы – 7, талап қоюды беру мерзімін өткізіп алуы - 3. Сот талаптарын орындамағаны үшін 9 лауазымды тұлғаға қатысты ақшалай өндіріп алу қолданылды», - деді Аида Нәбиқызы.