ТҮРКІСТАН: «Арыс» футбол клубы өз алаңында жеңіске жетті

0
187

Арыстық жігіттер ұйымшылдық пен тәртіпті ойын үлгісін көрсетті.


ТҮРКІСТАН: «Арыс» футбол клубы өз алаңында жеңіске жетті

«Арыс» футбол клубы өз алаңында айқын жеңіске жетті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Арыс қаласының Орталық стадионында өткен тартысты матчта жергілікті «Арыс» футбол клубы Қазақстан чемпионатының екінші лига командалары арасындағы 4-тур ойынында «Ордабасы (жастар)» командасын 2:0 есебімен айқын жеңіп, жанкүйерлеріне қуаныш сыйлады.


Ойынның алғашқы минуттарынан-ақ алаң иелері бастаманы өз қолына алды. Бірінші таймның 33-минутында команда ойыншысы Диас Исақұл шабуылды сәтті аяқтап, есепті ашты. Бұл гол команданың рухын көтеріп, ойынның қарқынын үдетті.


Екінші таймда да «Арыс» футболшылары ширақ қимылдап, қарсылас команда қақпасына қысымды күшейтті. Ақыры еңбектері ақталып, Ерболат Құралбаев әдемі соққымен есепті 2:0-ге жеткізді.


Ойын бойы арыстық жігіттер ұйымшылдық пен тәртіпті ойын үлгісін көрсетті. Қарсыластың бірнеше шабуылдарына лайықты тойтарыс беріп, өз қақпаларын голдан аман сақтап қалды.

Бөлісу