ТҮРКІСТАН: Арыста «Мен-полицеймін!» акциясы өткізілді

0
866

Облыста «Мен-полицеймін!» акциясы өтуде.


ТҮРКІСТАН: Арыста «Мен-полицеймін!» акциясы өткізілді

Арыс АПБ-нің ЖПҚ кәмелет жасына толмаған істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары «Мен-полицеймін!» акциясын өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған акция Арыс қаласы Т.Тәжібаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері және №4 бастауыш мектебінің оқушылары арасында өткізілді. Акцияның мақсаты – балаларды полиция жұмысымен таныстырып, оң имиджін қалыптастыру болып табылады. Сондай оқушыларды қоғамда орын алып жатқан қылмыстардан жасаудан аулақ болуға шақыру.

Іс-шара барысында жасөспірімдерге полицейлердің алдында тұрған негізгі міндеттері таныстырылып өтті. Сондай-ақ кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жалпы құқықтары түсіндіріліп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді. Негізінде, бұл акцияның маңызы зор. Өйткені кез – келген қылмыстық істерде кінәліні іздегеннен, осындай іс-шаралар арқылы оның алдын алған өте пайдалы болмақ.

«Қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті қадағалауда құқық қорғау қызметкерлері күні-түні көз ілмей қызмет етеді. Шындығында, қылмыссыз қоғамды қалыптастыру жалғыз құқық қорғаушылардың еншісінде емес екенін ескеру керек. Жасалған әрбір қылмыстың түбіне үңіліп, ашу – бұл қыруар жұмыстың нәтижесі. Айтуға оңай болғанмен, полицей болу қиын іс. Сондықтан елдің патриоты болыңдар. Біз секілді полиция болғыларың келсе, қырағы, шыдамды, білімді, күш-қайраты келіскен, жаман әдеттерден аулақ азамат болып өсіңдер», - деп ақыл-кеңестерін берді.

Және тәжірибесінде кездескен қызықты да қиын оқиғалармен бөлісті. Әрбір жас буынның елдің қорғаны болып өсуіне тілектестіктерін білдірді. Өз кезегінде, оқушыларда болашақта полицей болғылары келетіні, полицей болса не істейтіндіктерін бала арман-қиялымен жеткізе білді.