ТҮРКІСТАН: Арыстық тұрғын өз үйін балтамен ұрып қиратып тастаған

0
1 578

Өз үйін қиратып, жаңа үй салып беруін талап еткен.


ТҮРКІСТАН: Арыстық тұрғын өз үйін балтамен ұрып қиратып тастаған

Арыс қаласының тұрғыны бір түнде өз үйін балталап қиратып салған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов өзінің facebook парақшасында жариялады.

Оның айтуынша Арыс қаласы, Төлеби көшесінің 183 үй тұрғыны балтамен және ломмен ұрып өз үйін қиратып тастаған. Құрылысшылармен түсірілген бірінші видеода сол үйдің тұрғыны жөндеу жұмыстарына келіспей бас тартқан. Жарылыстың салдарынан болған деп, үйді қайта салуды талап еткен. Ал екінші видеода үй мүлдем басқаша кейіпте екендігін айтуда.