ТҮРКІСТАН: Баланы тепкілеген күдікті қамауға алынды

0
1 111

Кадрлардан ер адамның 4-5 жастағы баланы теуіп жатқанын, жанында тағы бір жасөспірім қыздың бар екенін байқауға болады.


ТҮРКІСТАН: Баланы тепкілеген күдікті қамауға алынды

Түркістан облысында ер адамның баланы теуіп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Әлеуметтік желіде ер адамның баланы теуіп жатқан видеосы таралды. Кадрлардан ер адамның 4-5 жастағы баланы теуіп жатқанын, жанында тағы бір жасөспірім қыздың бар екенін байқауға болады.


Аталған жағдайға қатысты Түркістан облысы ПД-ның баспасөз қызметі ресми мәлімдеме жасап, жасөспірім балаларға қатысты жасалған құқыққа қарсы әрекет бойынша Сайрам ауданының полиция басқармасымен қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді. Күдікті ұсталып, қамауға алынған.


"Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде және тиісті сараптамалар тағайындалды. Барлық мәнжайлар анықталуда. Істің тергелуі Түркістан облысы ПД бастығының жеке бақылауында. Жалған ақпарат таратқанға заңда жауапкершілік қарастырылғанын ескерте отырып азаматтардан тек ресми дереккөздерге сүйенуді сұраймыз", - дейді Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.