ТҮРКІСТАН: Германия және Ресей дәрігерлері мастер-класс өткізді

0
846

Созылмалы ауруларды емдеу саласында тәжірибе алмасты.


ТҮРКІСТАН: Германия және Ресей дәрігерлері мастер-класс өткізді

Түркістандық дәрігерлер Германия мен Ресей профессорларымен тәжірибе алмасты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облыстық клиникалық ауруханасының ортопедия бөлімшесіңде профессор Р.Шнеттлер (Германия) мен профессор, медицина ғылымдарының докторы Д.Римашевский (Мәскеу қ., РФ) мастер-класс өткізді.


Екі науқасқа тізе буынын эндопротездеу және реэндопротездеу операциялары жүргізілді. Сонымен қатар, профессор Р.Шнеттлер «Тізе буынын эндопротездеу кезіндегі асқынулар» тақырыбында дәріс оқыды. Шеберлік сабағына Түркістан облысының травматолог-ортопедтері қатысты.


Дәрігерлер ортопедия және сүйек-бұлшықет жүйесінің созылмалы аурулары, оларды емдеудің заманауи әдістері және болашақта осы патологияларды диагностикалау саласында тәжірибе алмасты.