Түркістан қаласында азық-түліктер арзан бағада саудалануда

0
1 598

Қалада арзан бағада азық-түлік сататын арнайы 14 әлеуметтік дүкен жұмыс істейді.


Түркістан қаласында азық-түліктер арзан бағада саудалануда

13-19 желтоқсан аралығында Түркістан облысы әкімдігі жыл соңында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттауының алдын-алу мақсатында облыстық бәсекелестікті қорғау және дамыту департаментінің қызметкерлерімен бірігіп рейдтік шара өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Арнайы топ Түркістан қаласындағы "Қуаныш", "Алтын бұлақ" базарлары мен "Бәйтерек", "Шапағат" сауда үйлерінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын негізсіз көтермеу жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Қазіргі таңда "Дастархан", "Даулет", "Шапағат", "Бәйтерек", "Береке" сауда үйлеріне және "Қуаныш" базарына Тұрақтандыру қорының тауарлары жеткізілуде. Осындай шаралардың нәтижесінде аталған сауда орындарында нан -75 теңгеден, пияз - 53 теңгеден, сәбіз - 72 теңгеден, картоп - 85 теңгеден, қырыққабат - 90 теңгеден, қарақұмық - 105 теңгеден және құмшекер - 205 теңгеден саудалануда. Сондай-ақ, қалада арзан бағада азық-түлік сататын арнайы 14 әлеуметтік дүкен жұмыс істеп келеді. Мамандар базар нарқын тұрақтандыру мақсатындағы жүйелі жұмыстар жалғасын таба беретінін айтты.