ТҮРКІСТАН: Карантин тәртібі мобильді топтардың бақылауында

0
2 396

Топтар мыңға жуық нысанды тексерген.


ТҮРКІСТАН: Карантин тәртібі мобильді топтардың бақылауында

Түркістан облысында мобильді топтардың жұмысы күшейді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысында облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен мобильді топтардың жұмысы күшейтілген болатын. Карантин кезінде белгіленген жұмыс кестесі мен қауіпсіздік ережелерін сақтамау әлі де кездеседі. Коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін мобильді топтар ұдайы рейд жүргізіп, карантин талаптарының сақталуын қадағалап жатыр.

Атап айтсақ, Келес ауданында мониторинг топтар мыңға жуық нысанды тексерген. Карантин шектеуін сақтамай, ережені бұзғандарға айыппұл салынуда. Ережелерді елемейтіндерді полиция қызметкерлері, еріктілер, тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы өкілдері, аудан әкімдіктері анықтайды. Жиналған материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жіберілді.