ТҮРКІСТАН: Келестіктер жалғызбасты әкеге баспана сыйлады

0
922

Одан бөлек, ауылдастары 20-ға жуық қой беріп, ауыл әкімдігі отағасын жұмысқа орналастырған.


ТҮРКІСТАН: Келестіктер жалғызбасты әкеге баспана сыйлады
Келес ауданының тұрғындары Бозай ауылдық округіндегі жалғызбасты әкеге баспана сыйлады, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Келес ауданы Бозай ауылдық округінің тұрғыны Андрей Грибанов 3 баланы тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке. Жары ерте қайтыс болып, бүгінде 2 қызы мен 1 ұлына әрі әке, әрі ана болып отыр. 2015 жылы жұмыс бабымен үш баласымен бірге ауылдағы тұрғын үйін сатып, Сарыағаш қаласына қоныс аударған. Кейіннен денсаулығы сыр беріп, ауылға қайтуға мәжбүр болыпты. Ауыл тұрғындары жалдамалы пәтер сұрап келгенін көрген қоңсысына асарлатып үй алып берген.

Одан бөлек, ауылдастары 20-ға жуық қой беріп, ауыл әкімдігі отағасын жұмысқа орналастырған. Сондай-ақ, бозайлықтар тұрмыстық техника, жиһаз, ыдыс-аяқ, қажетті киім-кешек, азық-түлік тауарларымен қамтамасыз еткен. Ауылдастары алдағы уақытта баспананы толық жөндеуден өткізбекші. Баспанаға ие болған Андрей Петрович бозайлық ауылдастарына, ризашылығын айтып, шексіз алғысын білдірді.