ТҮРКІСТАН: Халықтық коалиция өкілдері тұрғындармен кездесті

0
543

Тұрғындардың қалауы – әділетті Қазақстан.


ТҮРКІСТАН: Халықтық коалиция өкілдері тұрғындармен кездесті

ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалицияның сенімді өкілдері түркістандық тұрғындармен кездесті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгін ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалицияның сенімді өкілдері С.Ахтаев, С.Бекмұрзаев, Т.Әміралиев пен Ж.Амангелдиев, сонымен бірге, Ф.Қалтаева, Д.Хангелді мен А.Сахов Төлеби ауданы, Алатау ауылдық округіне барып, Екпінді жалпы орта мектебінде ұстаздармен кездесті.


Кездесуде сөз кезегін алған штаб мүшелері С.Ахтаев пен Ж.Амангелдиев ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталып, соңғы жылдары ұстаздардың беделі артып, әлеуметтік жағдайы жақсарып, жалпы ұстаздардың қолайлы ортада жұмыс істеуіне жағдай жасалып жатқанын атап өтті. Ал, ұстаздар қауымы Біркөлік елдімекеніне жаңа мектеп салу, Екпінді жалпы орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу сынды ұсыныстарын айтып, алдағы сайлауға атсалысатындықтарын жеткізді.


Сондай-ақ, Кентау қалалық қоғамдық штаб өкілдері Ұ.Мұсаханова, А.Утепбаева, С.Мурзахметов, Р.Жұмабаева мен Қ.Төлепбергенов үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мақсатында кентаулық білім саласының қызметкерлерімен кездесті. Кандидаттың сенімді өкілі А.Утепбаева сайлауалды бағдарламаға сәйкес, алдағы жеті жылда елдің экономикалық, әлеуметтік-саяси саласында күрделі өзгерістер болатын алға тартты.


Одан бөлек, қоғамдық штаб өкілі Ұ.Мұсаханова сөз кезегін алып:

«Сайлауалды бағдарламаның екінші қағидасы – «Әділетті экономика». Бұл халықтың, бизнес пен мемлекеттің мүдделерін тең қорғау идеясына негізделген әділетті экономиканы құруды, ресурсттарды тиімді пайдалануды көздейді», - деді. Өз кезегінде кездесуге қатысқан ұстаздар да қазіргі жаңа реформаларды қолдайтындықтарын білдірді.


Сонымен қатар, қооғамдық штаб өкілдері Е.Исақұлов пен Б.Абуов Қазығұрт ауданындағы өнер мектебінде аудан тұрғындарымен жүздесті.


«Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында ауыл тұрғындарына жағдай жасап, білім саласын дамытуға және жастар мен кәсіпкерлерді қолдауды күшейтуге, ұлттық қордың табысын халық игілігі үшін пайдалануға ерекше көңіл бөлінген», - деді өз сөзінде Е.Исақұлов.


Сондай-ақ, сенімді өкілдер елімізде ауыл шаруашылығы кооперативтері көптеп құрылатынын да атап өтті.


Жиын соңында штаб мүшелері тұрғындарды саяси науқанда азаматтық позицияларын білдіруге шақырды.