ТҮРКІСТАН: Коронавирустан қайтыс болған тұрғын 64 жаста болған

0
920

​Түркістан облысында тiркелген соңғы 7 жағдай бойынша мәлімет.


ТҮРКІСТАН: Коронавирустан қайтыс болған тұрғын 64 жаста болған

Түркістан облысында жалпы саны 23 адам коронавирус індетін жұқтырған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жетісай ауданында - 11, Кентау қаласында - 2, Арыс қаласы - 1, Ордабасы, Сарыағаш - 1, Мақтаарал - 4, Сайрам ауданында – 2 адамнан вирус анықталды.
Олар осыған дейін COVID-19 жұқтырған науқастармен байланыста болған.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.
Өңірде қауіпті індеттен бір адам қайтыс болды. Науқастың 1956 жылы туған Жетісай ауданының тұрғыны екені анықталды.
Науқас 29 наурызда ауруханаға жатқызылған. Ол пневмония, гипертония, қант диабетімен ауырған.
Барлық сынамалар алынып, емдік шаралары жүргізілді.
1 ай көлемінде Алматы қаласы, Қарасай ауданында қонақта болған.
15 наурызда Алматыдан автобуспен үйіне келген. Алматы қаласынан келгенін жасырған. Жақын қарым-қатынаста болған 25 адам, ықтималды байланыста болған 40 адамдар тексірілді. Жағдай бақылауда.
Мақтаарал ауданындағы вирус жұқтырған 4 азамат та Жетісай ауданындағы науқастармен байланыста болған. Дертке шалдыққандар қазіргі уақытта оқшауланып, ем қабылдауда.Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары қатаң түрде жүргізілуде.
Жалпы Мақтаарал ауданында коронавирусқа шалдыққан 4 азамат та Атакент кентінің тұрғындары екенін айта кету керек. Осыған орай, кенттегі бірнеше көше карантинге алынып, толықтай жабылды. Қазіргі таңда кентте дезинфекция жұмыстары жоғары деңгейде жүріп жатыр. Сондай-ақ, басқа да сақтану шаралары қолға алынуда.