ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық оқушыларды аудан әкімі құттықтады

0
1 064

Мақтааралда 1 қыркүйек - білім күні мерекесі тойланды.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралдық оқушыларды аудан әкімі құттықтады

Түркістан облысы, Мақтаарал ауданында алғашқы қоңырау соғылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

1 қыркүйек - білім күні мерекесіне орай Мақтаарал ауданының әкімі Бақыт Асанов және білім бөлімінің басшысы Мұратбек Серікбаев Мырзакент кентіндегі №2 Абылайхан атындағы жалпы орта мектебінде болды. Бұл күнде кейбір бүлдіршіндер мектеп табалдырығын жаңадан аттаса, енді бірі сыныптан сыныпқа ауысып, бір жасқа өседі. Іс-шараға аудан басшыларымен қатар ардагер ұстаздар, ата-аналар мен мектеп түлектері шақырылды.

«Қадірлі ұстаздар, құрметті ата-аналар, оқушылар! Міне, бүгін дәстүрлі түрде өте бір қуанышты күн – алғашқы қоңырау, білім күні. Ең бірінші мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерді, олардың болашағының негізін қалаушы ардақты ұстаздарымыздың айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңыздың отбасыларыңыздан береке кетпей, істеріңіз табысқа толы болсын! Бүлдіршіндеріміздің мектеп табалдырығын аттаған қадамдарың берекелі, несібелі қадам болып, тәуелсіз елімізді гүлдендірер, экономикасын алға сүйрер елжанды азаматтар болып жетілсін деген тілек білдіргім келеді!», - деді аудан әкімі Бақыт Асанов.

Салтанатты жиын барысында білім бөлімі басшысы оқытушыларды, ата-аналарды және мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған 1 сынып оқушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, еліміздің болашағы – білімді де білікті, алғыр әрі жалынды жастар қолында екенін айырықша атап өтті.

Шара соңында ата-аналар, ардагер ұстаздар, оқушылар – мектеп ұжымына өздерінің ыстық ықыластарын білдіріп білім күнімен құттықтау сөздерін жеткізді.