​Түркістан облысы 2026 жылға қарай ауыз сумен және табиғи газбен толықтай қамтылады

0
2 669

2021 жылы ауыз сумен және су бұрумен жабдықтау бойынша 62 нысанның құрылысына бюджеттен 14 млрд теңге қаралып отыр.


​Түркістан облысы 2026 жылға қарай ауыз сумен және табиғи газбен толықтай қамтылады

Түркістан облысында 2020 жылы 19 елді мекен таза ауыз сумен қамтылып, 5 елді мекеннің тозығы жеткен су құбырлары жаңартылды. Жалпы 2026 жылға қарай облыс аумағындағы елді мекендер ауыз сумен және табиғи газбен 100% қамтылмақ, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы брифингте облыстық энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Бақытжан Полатбеков мәлімдеді.

2021 жылы ауыз сумен және су бұрумен жабдықтау бойынша 62 нысанның құрылысына бюджеттен 14 млрд теңге қаралып отыр. Соның ішінде, 37 нысан ағымдағы жылы пайдалануға берілсе, қалған 25-сі келесі жылға өтпелі. Нәтижесінде 20 елді мекен ауыз сумен қамтылса, 12 елді мекеннің су құбыры жаңарады. 2025 жылға қарай «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында өңірді толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарланған», – деді Б.Ануарбекұлы.
Сондай-ақ, өткен жылы облыс халқын көгілдір отынмен қамту мақсатында 14,1 млрд теңге қаралған. Нәтижесінде табиғи газ тартылған елді мекен саны 423 болып, жалпы өңірдің қамтылу деңгейі 64,4 пайызға жетті. Жалпы 2026 жылға дейін облыс халқын түгел газбен қамтамасыз ету жоспарланған.
Облыс бойынша жалпы 843 елді мекеннің 827-сі орталықтандырылған электр желісімен қамтылса, 16-сы дербес электр қондырғыларымен қамтамасыз етілген. Айта кетейік, «Түркістан облысы елді мекендерін сапалы, тұрақты электр қуатымен қамтамасыз етудің 2020-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспарына» сәйкес, 172 елді мекенді сапалы электр қуатымен толығымен қамту жоспарлануда.