Түркістан облысы полицейлері ұрлық жасаған қылмыстық топты құрықтады

0
940

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелген.


Түркістан облысы полицейлері ұрлық жасаған қылмыстық топты құрықтады

Түркістан облысы, Келес ауданында өрт сөндіру гидранттары ұрланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Келес АПБ-не су құбырларын орнататын фирманың заңгері арызданады. Ол өз арызында тас жолдың бойына өздері қойған су құдықтарының ішінде болатын әр қайсысының құны 42 мыңнан астам теңге тұратын 12 дана өрт сөндіру гидранттарымен әрқайсысының құны 200 мың теңге тұратын 2 дана су жапқыштары (задвижка) ұрланғанын жеткізеді. Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгеден асады. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы бойынша тіркелген.

Арадан 3 күн өткен соң, Келес АПБ-не аталған фирманың басшысы қатынас хатын жіберіп, орнатқан бірнешеөрт сөндіру гидранттарымен су жапқыштары (задвишка) тағыда ұрланғанын жеткізеді. Жәбірленушіге 400 мыңға жуық залал келтірілген.

Күдіктілер мұнымен қоймай, өздерінің ұрлыққа бағытталған қылмыстық ойларын жүзеге асырып, үшінші рет тағыда 4 дана өрт сөндіру гидранттары мен су жапқыштарын (задвишка) ұрлайды. Аталған фирмаға 200 мыңнан астам шығын келген.

Келес АПБ-нің полицейлері орын алған ұрлық қылмысын ашу, күдіктілерді ұстау мақсатында шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Тәжірибелі де білікті полицейлерден арнайы жедел-тергеу тобы құрылады. Тәртіп сақшылары ұрлық болған аймақтарды толық тексеріп, аралап шығады, көрген-білгендерден сұрастырады. Нәтижесінде куәгерлер берген ақпарат көздері арқылы қылмыс жасаған азаматтардың жеке бастары анықталады. Аталған заттарды жымқырып, артып әкетіп отырған көліктің нөмері белгілі болып, алғаш көліктің жүргізушісі анықталып, күдікті ретінде ұсталады. Күдіктінің берген жауабына сәйкес қалған 2 сыбайласы ұсталады. Полицейлердің анықтауынша күдіктілердің бірі Сарыағаш, бірі – Қазығыұрт, үшіншісі-жергілікті тұрғын болып шықты. Алайда 3 күдіктіде бүгінгі күні уақытша Шымкент қаласында тұратын болып шықты.

Тергеу барысында күдіктілердің бірі су құдықтарын орнату бойынша жұмыс жасайтыны анықталды. Сондай-ақ, күдіктілер ұрланған 25 құралдардың 19-ын сатып үлгерген. Қалғандары айғақты зат ретінде тәркіленіп, алынды. Өз кінәларын толық мойындаған ұрлық жасаушылардың екеуі қамауда, біреуі тек үшінші ұрлыққа қатысқаны үшін бас шарасы «қолхатта».

Сонымен қатар, полицейлер күдіктінің екеуі бұдан бөлек 2 ұрлық жайтына қатысы барын айқындады. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, анықталған деректер бойынша іс сотқа жолданды.