Жиында ауыл шаруашылығын дамыту төңірегіндегі өзекті мәселелер талқылануда
ERNUR.KZ. Түркістан қаласында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев келді, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Бүгін Түркістан облысындағы Агроөнеркәсіп кешенінің даму мәселесі аясында өңірімізге ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен келді.
Министрдің төрағалығымен «ҚР агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру барысы тақырыбында семинар-кеңесті Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев ашты. Жиында ауыл шаруашылығын дамыту төңірегіндегі өзекті мәселелер талқылануда.
Жиын қорытындысы бойынша қосымша мәліметтерді тағы да ұсынатын боламыз.