Түркістан облысында 4 ірі инвестициялық жоба іске қосылды

0
663

Нәтижесінде 154 жұмыс орны құрылды.


Түркістан облысында 4 ірі инвестициялық жоба іске қосылды

Түркістан облысында 18,3 млрд теңгені құрайтын 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл Түркістан облысында 18,3 млрд теңгені құрайтын 587 жаңа жұмыс орнымен 8 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 2,9 млрд теңгелік 4 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 154 жұмыс орны құрылды. Бұл туралы облыстық инвестиция және экспорт басқармасының басшысы Қайрат Әзімов брифингте мәлімдеді.


Баспасөз мәслихатында басқарма басшысы облысымыздағы 9 индустриалды аймақтарда инфрақұрылымдық мәселелер ретімен шешіліп жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, артылған міндетті орындау жолында барлық мүмкіндіктерді пайдалану керектігін баса айтты.


«Негізінен өңір көлемінде 2020-2025 жылдарға мемлекеттік индустриялды – инновациялық даму бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлік қолдау картасына 299,7 млрд теңгені құрайтын 5 171 жаңа жұмыс орнын құрумен 32 инвестициялық жоба енгізілген. Ал 2022-2025 жылдары өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасына инвестициялық құны 243,1 млрд теңгені құрайтын 2 220 жаңа жұмыс орнын құрумен 12 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған», - деді Қайрат Мұратұлы.


Статистика комитетінің ресми деректеріне сәйкес, 2021 жылдың қаңтар-қараша айларында негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 478,6 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 9 айында өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 9,1 млрд теңгенге жеткен.