Түркістан облысында 68 мектептің құрылысы жүріп жатыр

0
1 433

836 білім беру нысандары жөндеуден өткен.


Түркістан облысында 68 мектептің құрылысы жүріп жатыр

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысында 20 040 орындық 68 мектептің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Қазіргі кезде облыста жаңа оқу жылына дайындық қарқынды жүргізілуде.
Облыстағы 836 білім беру нысандары жөндеуден өткен. Яғни, әктеліп, сырланып және гидравликалық сығымдау жүргізілген. 19 білім беру нысандарын күрделі жөндеуден өткізуге жергілікті бюджеттен 1,9 млрд. теңге бөлініп, жұмыстар кестеге сай атқарылуда.
- Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін білім ұйымдарына жеткізу жұмыстары 25 тамызына дейін тасымалданып бітеді. Қазіргі кезде алғашқы тасымал жұмыстары басталды. «Мектепке жол» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы биыл 1 шілдесінен бері жүріп жатыр. Акция барысында облыс бойынша бүгінгі таңда 9151 аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасылар, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмектер көрсетілді. Оның ішінде 8037 балаға бюджет қаражаты есебінен, қалған 1 114 балаға бюджеттен тыс демеушілер қаражаты есебінен көмек берілді, - дейді облыстық адами əлеуетті дамыту басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ардақ Садықова.
Осы жылдың соңына дейін 20-дан астам мектептің құрылысын тапсыру жоспарлануда. Ал, жаңа оқу жылына дейін 16 мектеп ел игілігіне тапсырылады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, 2 мектептің құрылысы толығымен аяқталған.