Өрт шарпыған аумақ үш гектарды құрады.
иллюстрациялық фото:ашықдереккөзден
№2020 әскери бөліміне тақау жерде өрт болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
6 шілде күні сағат 21:02-де өртке қарсы қызмет пультіне Түркістан облысының Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласынан 120 шақырым жерде, №2020 әскери бөліміне тақау маңда құрғақ шөптің өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері қабылдаған шаралардың арқасында сағат 22:35- те қызыл жалынның алды алынып, 22-57-де толық сөндірілді. Өрт шарпыған аумақ үш гектарды құрады. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.
Өртті сөндіруге Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті жеке құрамының 22 маманы мен 4 техникасы жұмылдырылған.